Выйти
RU

Президент Қазақстан жерлері шетелдіктерге сатылмайтынын кесіп айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында жер мәселесіне нүкте қойды. Ол Қазақстан жерлерінің шетелдіктерге сатылмайтынын баса айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорда баспасөз қызметінің Twitter желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Мемлекет басшысы 2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталатынын еске салды.

Президент осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдау керектігін жеткізді.

"Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз", – деп түйіндеді Тоқаев.

Сондай-ақ ол игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасау заңнамалық тұрғыдан бекітілгенін атап өтті.

"Түгендеу барысында анықталған 12,8 млн гектар игерілмеген жердің 7 млн гектары мемлекетке қайтарылды. Жерді алдың ба, оны игеру керек", – деді мемлекет басшысы.

Тағы да оқыңыздар

Қасым-Жомарт Тоқаев билікке жаңа кадрлар керектігін мәлімдеді

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында халыққа арналған екінші жолдауында қандай мәселені көтеретінін айтып берді.

Мемлекет басшысы экономикасы шикізаттық сипатқа ие Қазақстан үшін дағдарыс өте қауіпті екенін атап өтті. Ол елге дамудың жаңа бағдары қажет деп санайды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Президент Қазақстан жерлері шетелдіктерге сатылмайтынын кесіп айтты