Выйти
RU

Алматы облысының бас санитары көз жұмды: Есмағамбетова жүрекжарды жазба арнады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің бас санитарлық дәрігері марқұм әріптесі, Алматы облысының бас санитары Қайрат Баймұхамбетовке әсерлі жазба арнады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Айжан Есмағамбетованың Facebook-тағы ресми аккаунтына сілтеме жасап.

Есмағамбетова Алматы облысының санитарлық дәрігері қайтыс болғаннан кейін үндеу жолдады

Фото: Ортком: UGC

Қазақстанның бас санитарына Баймұхамбетовтің қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды есту ауыр тиген: оның айтуынша, олар 15 жылдан астам уақыт бірге жұмыс істеген.

Айжан Есмағамбетова өзінің 30 жылдық тәжірибесінде марқұм әріптесінің теміржол станциясындағы медициналық тексеруші лауазымынан бүкіл аймақтың СЭС қызметінің басшысына дейін көтерілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, ол тағы бірнеше облыста санитарлық-эпидемиологиялық қызметті басқарған және көптеген өз ісінің мамандарын жетілдірген.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, Баймұхамбетов әрқашан мейірімді, жанашыр, сонымен қатар өз отанын шын жүректен сүйетін жан болған.

Тағы да оқыңыздар

"Елеусіз ем қабылауда": Шахановтың орынбасары Тоқаевтан көмек сұрады

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, Баймұхамбетов елде инфекциямен күресуде өз денсаулығына қауіп төндірген.

Ол ауруханаларға барып, вирус жұқтырғандармен жеке сөйлескен екен.

Есмағамбетованың сөзінше, ол ауырған сәтіне дейін санитарлық-эпидемиологиялық қызметті бақылауды жалғастырған.

Есмағамбетова өзінің сөзін санитарлық дәрігердің туыстарына көңіл айтумен аяқтады.

Сөз соңында ол қазақстандықтарға карантин ережелерін сақтап, денсаулығын күтуді сұрады.

"Қазір құдалық, той немесе тағы басқа мерекелерді өткізбеуіміз ұят болып саналмайды", - деп жазды ол.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысының бас санитары көз жұмды: Есмағамбетова жүрекжарды жазба арнады