Выйти
RU

Ақтөбе облысында бес медицина қызметкері пневмониядан көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин онлайн-брифинг барысында өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Ол облыста бес медицина қызметкерінің пневмониядан көз жұмғанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Аймақ басшысы өкінішке орай, Ақмола облысында түрлі қызметте, соның ішінде басшылық лауазымда жұмыс атқарған бір медбике мен төрт медицина қызметкерінің пневмониядан көз жұмғанын жеткізді.

Оразалиннің айтуынша, қазіргі уақытта бұл қайғылы оқиғаларды арнайы комиссия қарастырып жатыр. Соның нәтижесінде марқұмдардың туыстарына өтемақы беру мәселесі шешіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтың өмірден озғанын хабарлағанбыз.

Бұгін еліміздің бас санитарлық дәрігері марқұм әріптесі, Алматы облысының бас санитары Қайрат Баймұхамбетовке әсерлі жазба арнады.

Қазақстанның бас санитарына Баймұхамбетовтің қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды есту ауыр тиген: оның айтуынша, олар 15 жылдан астам уақыт бірге жұмыс істеген.

Тағы да оқыңыздар

Алматы облысының бас санитары көз жұмды: Есмағамбетова жүрекжарды жазба арнады

Айжан Есмағамбетова өзінің 30 жылдық тәжірибесінде марқұм әріптесінің теміржол станциясындағы медициналық тексеруші лауазымынан бүкіл аймақтың СЭС қызметінің басшысына дейін көтерілгенін атап өтті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбе облысында бес медицина қызметкері пневмониядан көз жұмды