Выйти
RU

Қызылордалық полицейлер дәрі-дәрмектерді заңсыз сату деректерін анықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәрі-дәрмектерді негізсіз қымбаттатып сатқандарды анықтау және жауапқа тарту туралы тапсырмасына орай, Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері алдын алу шараларын жүргізуде.

Қызылордалық полицейлер дәрі-дәрмектерді заңсыз сату деректерін анықтады

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Облыс көлемінде фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру кезінде дәрілік заттардың сатылуына мониторинг жүргізу барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен дәріханаларда таусылған дәрілік заттардың үстеме бағамен қосып заңсыз сатудың 6 дерегі анықталды.

5 шілде күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан Қызылорда қаласының тұрғыны 33 жастағы азаматша дәріханаларда таусылып тұрған дәрілерді сатып тұрған жерінен анықталып, ұсталды.

Ұсталған азаматшадан тексеру барысында айғақ зат ретінде «Цифран ОД» 1000 мг., Тромбо АСС 50 мг., Цифран 500 мг. дәрілер алынды.

Тағы да оқыңыздар

Шымкентке қажетті дәрі-дәрмек жеткізілуде

Сонымен қатар, 6 шілде күні Қызылорда облысының тұрғыны интернет желісі арқылы «Цефепим» ампуладағы ақ түсті ұнтақ дәрісін сататыны жөнінде хабарлама жариялаған.

Тексеру барысында бұл азаматтан айғақ зат ретінде 11 дана «Цефепим» (ампулада) дәрі алынды.

Қызылордалық полицейлер дәрі-дәрмектерді заңсыз сату деректерін анықтады

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

7 шілдеде заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан Қызылорда қаласының тағы бір тұрғыны 38 жастағы азаматша анықталып, ұсталды. Азаматша әлеуметтік желілер арқылы жарнамалап, дәрілік препараттарды көтеріңкі бағамен сатқан.

Атап айтқанда, «Кетатоп» дәрілік препаратын өзінің тұрғылықты мекен-жайдағы үйінен жоғары бағамен сатқан. Айғақ зат ретінде 55 дана «Кетотоп» (ампула) дәрілік препараттар алынды.

Полиция қызметкерлерімен мониторинг жүргізу барысында заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан Қызылорда қаласының тұрғыны 42 жастағы азаматша ұсталды.

Тағы да оқыңыздар

Алматыға қытайлық парацетамол жеткізілген: полиция тергеу жүргізуде (видео)

Бұл азаматша дәрілік препараттарды өзінің тұрғылықты мекен-жайдағы үйінен 5 дана «Цефтриаксон» (ампула), 1 дана «Натрий хлорид» (ампула), 2 дана «Ацетилсалициловая кислота», 1 дана «Парацетамол» дәрілік препараттарды жоғары бағамен сатқан.

Сонымен қатар, 9 шілде күні Қызылорда облысының тұрғыны интернет желісі арқылы дәрі сататыны жөнінде хабарлама жариялаған.

Тексеру барысында бұл азаматтан айғақ зат ретінде 10 дана «Ригидрон», 12 дана «Ципрокс», 3 дана «Флемокслаф» дәрілік препарттары алынды.

Дәл сол күні заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан Қызылорда қаласының тағы бір тұрғыны 26 жастағы азаматша анықталып, ұсталды. Азаматша 1 дана «Клабел 500 мг», 3 дана «Оспамокс 1000 гр» дәрілік препараттарды көтеріңкі бағамен сатқаны анықталды.

Тағы да оқыңыздар

Алматы полициясы жер асты дәріханасын ашқан опа-далап дүкенін анықтады

Бүгінгі таңда бұл деректер бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда.

Тексеру барысында анықталған заңсыз дәрі-дәрмек сату деректері бойынша заңға сәйкес құқықтық баға берілетін болады.

Қызылорда облысы Полиция департаменті облыс тұрғындарынан дәрі-дәрмектерді заңсыз сату деректері анықталған жағдайда полиция бөлімшелеріне немесе “102” телефоны арқылы жедел хабарлауды сұрайды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қызылордалық полицейлер дәрі-дәрмектерді заңсыз сату деректерін анықтады