Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында қатаң карантин енгізіледі

Опубликовано:

Алдағы демалыс күндері (11 және 12 шілде) Алматы облысының аумағында барлық дерлік ұйымдардың және қоғамдық көліктің қызметі тоқтатылады. Сәйкес қаулы өңір әкімдігінің ресми сайтында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Көрсетілген кезеңде аймақта автобустар жүрмейді, барлық дерлік кәіпорындар жұмыс істемейді. Құжатта қызмет етуге рұқсат берілген ұйымдардың тізімі көрсетілен. Олардың қатарына қалыпты тіршілікке қажетті нысандар ғана кіреді.

Атап айтқанда, коммуналдық қызметтер, өндірістік және құрылыс компаниялары, медициналық ұйымдар, стоматология, ветеринарлық қызмет, зертханалар, азық-түлік дүкендері, дәріхана, БАҚ, АЖБ, әуежайлар, темір жол вокзалдары, қоймалар, салттық қызмет көрсету нысандары, мемлекеттік органдардың жұмысына рұқсат берілген.

Демалыс күндерге түрлі нысандарды дезинфекциялау бойынша ауқымды жұмыс жоспарланған.

Сәйкес құжат 11 шілде күні сағат 00.00-де күшіне енеді.

Соңғы деректерге сәйкес, Алматы облысында 2939 адамнан коронавирус анықталған, олардың 1562-сі емдеу курсынан өтіп, ауруханалардан шығарылды. Өкінішке орай, төрт науқас көз жұмды.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында бес медицина қызметкерінің пневмониядан көз жұмғанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864406-almaty-oblysynda-kata-karantin-engiziledi/

pixel