Выйти
RU

Министр Қытай БАҚ өкілдерінің "Қазақстандағы жаңа пневмония" туралы ақпаратын талқылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Қытайдың кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жариялаған "Қазақстанда жаңа пневмония шықты" деген ақпаратты талқылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алексей Цой. Фото: azattyq-ruhy.kz

Алексей Цой. Фото: azattyq-ruhy.kz: Facebook

Алексей Цой Қазақстанда ауруларды, оның ішінде коронавирус инфекциямен байланысты пневмонияны есепке алу және тіркеу аурулардың халықаралық жіктемесіне, диагностика мен емдеу хаттамасына сәйкес әлемдік тәжірибе негізінде әзірленетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ ол елдегі коронавирус инфекциясын емдеу тәсілдері туралы айтып берді.

Биыл сәуір айында Аспан асты елі COVID-19 індетіне қарсы күрес мәселелері бойынша қазақстандық дәрігерлерге кеңес беру үшін тәжірибелі мамандарын жіберген болатын. Министр Қытай тарапынан көрсетілген көмекті жоғары бағалайтынын жеткізді.

Тағы да оқыңыздар

Министрлік елімізде пневмонияның жаңа түрі шыққаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

Сондай-ақ тараптар болашақта да ынтымақтастықты жалғастыру мәселесін талқылады.

Айта кетейік, бұған дейін Қытайдың бірқатар БАҚ өкілдері Қазақстанда белгісіз пневмония шықты деген ақпарат таратқан болатын. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Министр Қытай БАҚ өкілдерінің "Қазақстандағы жаңа пневмония" туралы ақпаратын талқылады