Выйти
RU

ӘМСҚ мен "СК-Фармация" басшылары қызметтерінен босатылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен "СК-Фармация" басшылары қызметтерінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Берік Шәріп. Фото: ОКҚ

Берік Шәріп. Фото: ОКҚ: Depositphotos

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің келісімі бойынша "СК-Фармация" ЖШС-нің Басқарма төрағасы Б.Ш. Шәріп қызметінен босатылды", – делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың да қызметінен босатылғаны мәлім болды.

"ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Басқарма төрағасы А.Н. Жұмағұлов қызметінен босатылды", – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында коронавируспен күрес саласында туындаған қиындықтар үшін кінәлі адамдарды жауапқа тартуды тапсырған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ӘМСҚ мен "СК-Фармация" басшылары қызметтерінен босатылды