Выйти
RU

"Ең жоғары көрсеткіш": Тоғжанов Атыраудағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Премьер-министрдің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ералы Тоғжанов Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аймақтағы коронавирусқа қатысты жағдайды баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ералы Тоғжанов. Фото: ОКҚ

Ералы Тоғжанов. Фото: ОКҚ

Оның айтуынша, эпидемия басталғалы бері өңірде коронавирус жұқтырудың 7 150 дерегі тіркелген. Өткен тәулікте 336 адам инфекция жұқтырған. Вице-премьер бұл көрсеткіштің ел бойынша ең жоғары екенін атап өтті.

"Індеттің негізгі ошағы – Атырау қаласы және Жылыой ауданы. Облыс бойынша коронавирус жұқтыру жағдайларының 85 пайызы осы екі елді мекенде тіркелген", – деді Тоғжанов.

Бұдан бөлек, өңірде пневмонияға шалдығу мәселесі де өткір тұр (2 174 жағдай).

Үкімет басшысының орынбасары келесі бағыттар бойынша теміржол арқылы жолаушылар тасымалын тоқтатуға шешім қабылданғанын жеткізді: Алматы – Атырау, Ақтөбе – Атырау, Маңғыстау – Атырау.

Тағы да оқыңыздар

Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды

Өңірдегі қоғамдық тамақтану орындары, мейрамханалар, кафе, асханалар мен азық-түліктік емес дүкендердің үйге дейін жеткізу режимінде ғана жұмыс істейтіні белгілі болды

Көпшілік мәдени-ойын-сауық және отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Құзырлы органдарға аталған талаптардың орындалуын қадағалау, сондай-ақ тәртіп бұзғандарға қатысты қатаң шаралар қолдану тапсырылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ең жоғары көрсеткіш": Тоғжанов Атыраудағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады