Выйти
RU

Ақтөбеде инфекциялық аурухананың бас дәрігері пневмониядан көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі жұқпалы ауруларға арналған аурухананың бас дәрігері Қалихан Қозбағаров пневмониядан көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қалихан Қозбағаров. Фото: diapazon.kz

Қалихан Қозбағаров. Фото: diapazon.kz: UGC

"Диапазон" басылымының мәліметінше, бас дәрігер соңғы күндері өзі басқаратын ауруханада төсек тартып жатқан. Ол пневмонияға қарсы ем алған, Covid-19 індетіне тапсырған тест сынамасы теріс нәтиже көрсеткен.

Марқұмның әріптесі Қалихан Қозбағаровтың 10 шілдеде түстен кейін қайтыс болғанын жеткізді. Медициналық мекеме ұжымы қайғылы хабарға әлі де сене алар емес, барлығы оны жазылып кетеді деп үміттенген.

Әріптесінің айтуынша, оның жағдайы жақсарып келе жатқан. Қайтыс болар алдында тіпті, қымыз сұраған екен. Алайда, өкінішке орай, бас дәрігер 59 жасында өмірден озды.

NUR.KZ редакциясы Қалихан Қозбағаровтың отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтың өмірден озғанын хабарлағанбыз.

Еліміздің бас санитарлық дәрігері марқұм әріптесі, Алматы облысының бас санитары Қайрат Баймұхамбетовке әсерлі жазба арнады.

Айжан Есмағамбетоваға Қайрат Баймұхамбетовтің қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды есту ауыр тиген: оның айтуынша, олар 15 жылдан астам уақыт бірге жұмыс істеген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде инфекциялық аурухананың бас дәрігері пневмониядан көз жұмды