Выйти
RU

Сарыағашта ер адамдар тұрмыстағы келіншекпен байланыста болған жігітті өлімші етіп сабады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында бір топ ер адам тұрмыстағы келіншекпен байланыста болған 27 жастағы жігітті өлімші етіп сабаған. Інісінің өлімін өз көзімен көрген мүгедек ағасы қылмыскерлердің әлі күнге дейін жазасын алмай жүргенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Бір топ ер адам тұрмыстағы келіншекпен байланыста болған жігітті өлімші етіп сабады

Фото: Видеодан кадр: UGC

Әділдік іздеген жігіт ағасы Ішкі істер министрі мен Бас прокурордан көмек сұрап отыр.

Оқиға биыл мамыр айында болған. Шағымданушының айтуынша марқұм тұрмыстағы келіншекпен байланыста болған. Мұны қыздың әкесі біліп, жергілікті "қылмыс серкелерін" шақыртыпты. Сөйтіп, жігіт аяусыз соққыға жығылған. Марқұм ауруханада төрт күн ес-түссіз жатып көз жұмды.

"Сол жердің жергілікті серкелерінің бәрі қосылып, Әуезханды байлаулы күйде аямастан соққыға жықты. Бетінен сорғалаған қаннан тіпті, түрі көрінбеді. Бірақ есін білді. Көзімізше алты адам ұрды. Мен оған ешқандай көмек бере алмадым", - дейді марқұмның ағасы.

Тағы да оқыңыздар

Танымал отандық жазушының немересін өз әйелі пышақтап өлтірді

Полиция төбелеске қатысы бар екі күдіктіні ұстапты. Қалған төртеу куәгер ретінде жіберілді. Арызданушы, інісімен байланыста болған келіншек пен оның әкесін де жауапқа тарту керек деп отыр.

"Сарыағаш қаласының АІІБ-ның полиция қызметкерлері бұл істің бәрін бұрмалап жатыр. Інімнің сол жақ иығында пышақтың ізі тұрды. Сараптамада ол нәрселердің ешқайсысы көрсетілмеген", - деді ол.

Полиция департаменті болса, бұл істің жіті қаралып жатқанын алға тартты. "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу" баптары бойынша іс қозғалған.

Жәбірленуші тараптың айтуынша, інісінің өліміне себепші болған бұзақылар оларға қысым көрсетіп жатқан көрінеді.

"ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов мырза! Сіздерден осы қылмыстық істі өз қадағалауларыңызға алуыңызды сұраймын. Себебі біздің Сарыағаш қаласының ішкі істер қызметкерлері бізді қорғап ала алған жоқ. Мына істі әділ жүргізген жоқ. Қазіргі таңда мен өз өмірім үшін қорқамын", - дейді марқұмның ағасы.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сарыағашта ер адамдар тұрмыстағы келіншекпен байланыста болған жігітті өлімші етіп сабады