Выйти
RU

Министрлік қызыл түсті зат шашқан ұшақ түсірілген видеоға түсініктеме берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Желіде қызыл түсті белгісіз затты шашыратып жүрген ұшақтың видеосы пайда болды. Оқырмандар әуе кемесінің еліміздің аумағынан ұшып өткенін айтып, бейнежазбаны қызу талқылауда. Алайда билік бұл ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Министрлік қызыл түсті затты шашыратқан ұшақ туралы видеоға түсініктеме берді

Фото: Видеодан кадр: UGC

Министрлікте атап өтілгендей, видео желіде пайда болды. Онда белгісіз қызыл түсті затты шашыратқан ұшақ бейнеленген. Бұл біздің еліміздің аумағында болған деген болжам жасалды.

Алайда департамент бұл ақпаратты жоққа шығарды. Қазақстан билігі кадрдағы ұшақтың АҚШ-қа тиесілі болуы мүмкін екенін анықтады. Жазбада анық көрінетін зат өртке қарсы күрес кезінде қолданылады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі заңға сәйкес жалған ақпарат жібергені үшін жауапкершіліктің барын еске салды. Олар адамдардан тек ресми деректерге сенуді сұрады.

Тағы да оқыңыздар

Полиция Қызылордада болған жағдайға байланысты ақпарат жариялады

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желілерде елдің әртүрлі аймақтарында ұшақтардың белгілі бір заттарды шашырататыны туралы жалған хабарламалар пайда болды.

Кейбіреулер мұны тіпті, вирус деп атап, балаларды сыртқа жібермеу керек екенін алға тартты. Бұл жалған хабарламалардың авторлары табылып, жауапкершілікке тартылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Министрлік қызыл түсті зат шашқан ұшақ түсірілген видеоға түсініктеме берді