Выйти
RU

Танымал қазақстандық дәрігер Әділжан Хамзин қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Танымал уролог-дәрігер Әділжан Хамзин көз жұмды. Бұл туралы оның әріптесі, Халықаралық репродукция академиясының президенті Вячеслав Локшин Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Танымал қазақстандық дәрігер Әділжан Хамзин қайтыс болды

Фото: peptidesco-asia.kz: UGC

Әділжан Хамзин Алматыда жұмыс істеді. Вячеслав Локшиннің айтуынша, оның әріптесі керемет уролог, хирург, ғалым, педагог болған.

Академия басшысы Әділжан Хамзин өз саласының үздігі екенін және өз саласында үлкен нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті. Ол бірнеше кітаптардың авторы болды, докторлық диссертация қорғады. Әділжан Ақжігітұлы керемет күйеу, әке және ата болған.

Вячеслав Локшиннің сөзінше, барлығы оның жақындарымен бірге қайғыруда. Оның жзбасының астында ондаған адам дәрігердің қаншалықты жақсы адам болғанын атап өтіп, көңіл айтқан.

"Көңілім түсті. Өзім жеке танитынмын. Жақсы уролог маман еді. Иманды болсын", "Қазақстан медицинасы үшін орны толмас қайғы. Қанша әріптестерді жоғалттық", "Құдайдың бізге берген дәрігері. Өкінішті. Қайғыра көңіл айтамын", - деп жазды олар.

KAZ.NUR.KZ порталының редакциясы Әділжан Хамзиннің отбасына қайғыра көңіл айтады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Танымал қазақстандық дәрігер Әділжан Хамзин қайтыс болды