Выйти
RU

Қазақстанға 50 тонна ресейлік дәрілері бар ұшақ келді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық әуе жолдары Ресейден 50 тоннаға жуық танымал дәрі-дәрмектерді жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Қазақстанға 50 тонна ресейлік дәрілері бар ұшақ келді

Фото: facebook.com/alexey.tsoy.3: UGC

Ресейлік дәрі-дәрмектер Қазақстанға үкіметтің қолдауымен жеткізілді.

Цойдың айтуынша, лицензиялау процедуралары максимумға дейін азайтылды. Дәрілер түсе салысымен, олар дереу аймақтар бойынша дәріханалардың бөлшек сауда желілеріне таратылады.

Министр Үндістаннан тағы бір арнайы борт дайындалып жатқанын атап өтті. Цойдың айтуынша, билік бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруға ниетті.

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен "СК-Фармация" басшылары қызметтерінен босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қызылордалық полицейлер дәрі-дәрмектерді заңсыз сату деректерін анықтағанын хабарлаған болатынбыз.

5 шілде күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан Қызылорда қаласының тұрғыны 33 жастағы азаматша дәріханаларда таусылып тұрған дәрілерді сатып тұрған жерінен анықталып, ұсталды.

Тағы да оқыңыздар

Жалақы - 900 мың теңге: БҚО-да коронавируспен күресетін санитарлар қажет

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанға 50 тонна ресейлік дәрілері бар ұшақ келді