Выйти
RU

Қыркүйекте балалар онлайн оқи ма, әлде мектепке бара ма: Министр жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Осы жылдың қыркүйегінде балалар онлайн оқи ма, әлде мектепке бара ма? Бұл сұраққа Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қыркүйекте балалар онлайн оқи ма, әлде мектепке бара ма: Министр жауап берді

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Біріншіден жалпы дайындық жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр. Аяқталған оқу жылының төртінші тоқсанында да дайындық жұмыстары тоқтап қалған емес. Бұл туралы бұрын да айтқанбыз.

Екіншіден, бұл тұрғыда Білім және ғылым министрлігінің жалпы жоспары бар.

Күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, біз әу бастан үш негізгі нұсқаға дайындалдық. Болжамымыз дұрыс болып шықты", - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде.

Министрдің айтуынша, осы үш бағыт бойынша дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде.

Тағы да оқыңыздар

Жаңа оқу жылы қайда басталады: Мемлекет басшысы тапсырма берді

"Осы үш нұсқа Денсаулық сақтау министрлігімен, басқа да мемлекеттік органдармен талқылану үстінде. Оның қыр-сырын зерттеу бойынша жұмыс топтары бар. Іске ғалымдар мен педагогтарды, мектеп директорлары мен сарапшыларды тарттық. Сол себепті қазіргі уақытта барлық өңірде үлкен талқылау жұмыстары жүргізілуде.

Осыған дейін әлеуметтік желіде тарап кеткен слайд-материал Білім және ғылым министрлігіне тиесілі емес.

Оны мектеп деңгейінде талқылағандардың бірі таратуы мүмкін", - деді ол.

Асхат Аймағамбетов сонымен бірге мұғалімдерге арналған курстар дайындалғанын жеткізді.

"Ең маңызды сұрақтардың бірі – педагогтердің қазіргі жаңа жағдайға дайындығы. Қандай нұсқа қабылданса да, педагогтерге жаңа дағды керек. Оны төртінші тоқсанда айқын байқадық.
Сондықтан, бес модульден тұратын осы курстар – ІТ-дағды, цифрлық педагогика мәселелерін қамтиды. Қандай нұсқа қабылданса да – осы курстарды жүргіземіз. Сондай-ақ компьютер мен серверлер, интернет мәселесі.

Тағы да оқыңыздар

Тоқаев: Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді

Қашықтан оқысақ та, қалыпты оқысақ та – мектептерге компьютер керек. Әкімдіктер осы мәселеге жіті назар аударып отыр. Егер мектепте бір компьютерге 20-25 баладан келсе, онда олардың ІТ-дағдысын дамытамыз деген сөз бекер", - деді ол.

Министр өз сөзінде ерекше қажеттілігі бар балаларға берілетін білім сапасы мәселесі де ұмытылмайтынын жеткізді.

Айта кетейік, күні кеше үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдіктерді жаңа оқу жылына дайын болуға шақырды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қыркүйекте балалар онлайн оқи ма, әлде мектепке бара ма: Министр жауап берді