Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық оқушылар электронды оқулықтармен қамтылады

Опубликовано:

Қазақстанда электронды оқулықтар дайындалып жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық оқушылар электронды оқулықтармен қамтылады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Біз баспамен келісіп қойдық. Оқулықтардың электронды нұсқасы қолжетімді болуы керек. Біз де, баспа да қазіргі уақытта жүргізіп жатқан ең маңызды жұмыстардың бірі осы", - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде.

Айта кетейік, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде биылғы оқу жылына қатысты үш нұсқаны жариялады.

"Білім және ғылым министрлігінде елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып әзірлеген үш негізгі нұсқасы бар", - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде.

Министрдің айтуынша, бірінші нұсқа – қашықтан оқыту.

"Бұл нұсқа таңдалған жағдайда алыстағы елдімекендерді есептемегенде қалғанының бәрі қашықтан оқытылады", - деді ол.

Екінші нұсқа – іштей және қашықтан оқыту.

"Бұл жағдайда шектеу болуы керек: мектепте міндетті түрде термометрия, санитайзерлер болуы тиіс. Әлеуметтік қашықтық сақталып, сабақтар қысқартылуы керек. Яғни кабинеттік жүйелер алынуы тиіс", - деді министр.

Асхат Аймағамбетов үшінші нұсқа - штаттық режимде қатаң санитарлық шектеу шаралары сақтай отырып, сабақты жалғастыру екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864458-kazakstandyk-okusylar-elektrondy-okulyktarmen-kamtylady/

pixel