RU

Елордадағы супермаркетте екі пышақ ұстаған әйел шу шығарды (видео)

Нұр-Сұлтанда қалалық супермаркеттердің бірінде шу ұйымдастырған келіншек ұсталды. Ол екі пышақ ұстап, тауарларды лақтырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігінің ресми Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордадағы супермаркетте екі пышақ ұстаған әйел шу шығарды
Видеодан кадрлар: Polisia.kz: UGC

Оқиға 10 шілде кешкі сағат алты шамасында болған. Полицияға Самал ықшамауданындағы супермаркеттердің бірінде ашулы келіншек шу шығарғаны жайлы хабар келіп түскен.

Куәгерлердің сөзінше, келіншек өзін дөрекі ұстаған. Нақтырақ айтқанда, пышақтармен сермеп, тұтынушылар мен жұмысшыларды балағаттаған, сөрелерді құлатып, тауарларды лақтырған.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер шу шығару фактісін растады. Тәртіп сақшылары келіншекті ұстауға тырысқанымен, ол қарсылық танытты.

Ақырында 30 жастағы әйел қолға түсіп, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оған қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, осыған дейін желіде белгілі әнші Сейфуллин Жолбарыстың азық-түлік дүкенінде жанжалдасып жатқан видеосы тарағанын жазған болатынбыз.

Көп ұзамай қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы бар әнші, сазгер Сейфуллин Жолбарыс әлеуметтік желіде кеңінен таралған видеоға қатысты түсініктеме берді. Өнер иесі шулы оқиғаның қашан орын алғанын және осы жағдайға байланысты не ойлайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864460-elordadagy-supermarkette-eki-pysak-stagan-jel-su-sygardy.html