Выйти
RU

Сағынтаев: Halyk Arena жақында алғашқы пациенттерді қабылдайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Halyk Arena спорт кешенін жұқпалы және провизорлық стационарларға айналдыру жұмыстары қалай жүріп жатқанын жазды. Бұл жайында KAZ.NUR.KZ қала басшысының Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сағынтаев: Halyk Arena жақында алғашқы пациенттерді қабылдайды

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

"Қаладағы жұқпалы және провизорлық стационарлар үшін қосымша ашылуға тиіс орындардың ұйымдастыру барысымен таныстым. Halyk Arena-да 1 мың орынға арналған, соның ішінде реанимациялық 60 орын ашылады.

Дайындық барысында санитарлық қауіпсіздіктің ең қатаң талаптары ескерілуде. Таза және лас аймақтарға арналған шлюздер мен туннельдер, желдету және зарарсыздандыру жүйелері орнатылды.

Кезең-кезеңімен медициналық жабдықтар орнатылады. Дәрігерлік бригадалар дайындалуда. Жақын арада бұл жер алғашқы пациенттерді қабылдайды",- деді әкім.

Сондай-ақ, қала басшысы жақында Жарбосынов атындағы урология ҰО-ы базасында 150 орынға арналған инфекциялық стационар ашылатынын мәлімдеді.

Тағы да оқыңыздар

Қазақмыс COVID-19 диагностикалау және емдеу бойынша медқызметтердің қолжетімділігін арттырады

"Бүгінде қоғамдық денсаулық басқармасы орналасқан ОҚК корпусында қосымша орындар ашылады. Сондай-ақ жұқпалы аурулар ауруханасында да қосымша орындар ашылу көзделген.

Қазір қауіпті індетті жұқтырған науқастарды емдеу үшін 4669 орынға арналған 21 медициналық ұйым жұмыс істейді.

Қабылданған шаралардың арқасында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қажетті орындар резерві құрылатын болады",- деді ол.

Айта кетейік, өткен тәулікте елде коронавирус инфекциясының 1708 жаңа жағдайы тіркелді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сағынтаев: Halyk Arena жақында алғашқы пациенттерді қабылдайды