RU

Тоқаев: Атырау облысына дәрігерлер жіберіліп, дәрі-дәрмек жеткізіледі

Үкімет Атырау облысына дәрігерлер жіберіп, дәрі-дәрмек жеткізеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos

Бұл туралы ел президенті Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Атырау облысындағы ахуал туралы қоғам өкілдерінің шағымдарымен таныстым. Премьер-Министрдің орынбасары бастаған комиссия аймаққа барып қайтты. Үкімет өңірге дәрігерлер жібереді, дәрі-дәрмек жеткізіп, көмектеседі", - деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, премьер-министрдің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ералы Тоғжанов Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аймақтағы коронавирусқа қатысты жағдайды баяндады.

"Індеттің негізгі ошағы – Атырау қаласы және Жылыой ауданы. Облыс бойынша коронавирус жұқтыру жағдайларының 85 пайызы осы екі елді мекенде тіркелген", – деді Тоғжанов.

Соңғы деректер бойынша, Атырау облысы коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны бойынша елімізде алдыңғы орында тұр. Өңірде қауіпті дерт 7393 адамнан анықталған. Олардың 4729-ы жазылып ауруханадан шықса, 13-і көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864491-tokaev-atyrau-oblysyna-drigerler-ziberilip-dri-drmek-zetkiziledi.html