RU

Әлемдегі мемлекеттік қарыздар рекордтық деңгейге жеткелі тұр

Тарихта тұңғыш рет 2020 жылдың соңына қарай әлемдегі барлық елдердің мемлекеттік қарызы дүниежүзілік жалпы ішкі өнімнің 101,5%-ын құрайтын болады және Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі рекордты жаңартады. Бұл туралы Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Әлемдегі мемлекеттік қарыздар рекордтық деңгейге жеткелі тұр
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Сарапшылардың пікірінше, дүниежүзінде белең алған COVID-19 пандемиясы жер шарында шамамен 11 триллион доллар көлеміндегі қаржы саясатына бұрын-соңды болмаған жағдай тудырды.

"Алайда, расталған жағдайлар мен өлім-жітімдер саны әлі де тез өсіп келе жатқандықтан, құзырлы органдар қолдау және икемді салықтық-бюджетттік саясаттты берік ұстап, трансформациялық экономикалық өзгерістерге дайындала отырып, денсаулық сақтау саласын бірінші орынға қоюға мәжбүр", – деді Халықаралық валюта қорында.

Қаржыгерлер болашақта орын алуы мүмкін түбегейлі өзгерістерге жақсырақ дайындалу үшін басқару органдары артып жатқан кедейлік пен теңсіздік саны, сондай-ақ дағдарыс нәтижесінде анықталған құрылымдық әлсіздіктермен күресуі керек деп санайды.

Төмен пайыздық мөлшерлемелер мен экономикалық белсенділіктің қалпына келуінің арқасында 2021 жылы мемлекеттік қарызға қатысты жағдай тұрақталады деп санайды сарапшылар.

Бүгінгі таңда 72 ел ХВҚ-нан шұғыл көмек алған. Сарапшылардың пікірінше, даму көрсеткіші төмен елдер қарызға батып қалмас үшін жеңілдікпен қаржыландыруға, ал кейбір жағдайларда гранттарға қол жеткізуі керек.

Еске салсақ, қазақстандық әуе жолдары Ресейден 50 тоннаға жуық танымал дәрі-дәрмектерді жеткізгені туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864495-lemdegi-memlekettik-karyzdar-rekordtyk-degejge-zetkeli-tr.html