Выйти
RU

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық спортшының UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі жеңіліспен аяқталды. Турнирдің төрешілері осындай шешім қабылдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Видеодағы кадр

Жеңіл салмақтағы бразилиялық Раулиан Пайвамен болған жекпе-жек қазақстандық спортшы үшін жеңіліспен аяқталды. Бұл жұдырық түйістіру Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі дебюті болды. Алайда лайықты болмады немесе әлсіз болды деп айтуға келмейді.

Үш раундқа созылған жекпе-жекте жеңіс төрешілер шешімімен бразилиялыққа берілді. Шешім өте даулы болды.

Sports.kz хабарлағандай, алғашқы раундтың бас кезінде бразилиялық спортшы басым түскен, бірақ Жұмағұлов раунд соңында тейкдаун жасау арқылы басымдықты өз еншісіне жазды. Екінші раундта Жалғас тағы тейкдаун жасап, сенімді түрде алға шықты.

Үшінші раундта қазақстандық тағы бір мәрте тейкдаун жасады, бұған дейін олар бір-бірімен соққылар алмасып, бразилиялық Жалғастың белінен төмен соққы жасап, содан кейін жекпе-жек тоқтатылды. Алайда, төрешілер даулы шешім шығарып, жеңісті Пайваға берді.

Тағы да оқыңыздар

Отандық белгілі үш бокс бапкері коронавирус індетінің құрбаны болды

Еске сала кетсек, қазақстандық Мария Агапова дебютті кездесуінде қарсыласын үш минутта жеңді.

23 жастағы отандасымыз UFC on ESPN 10 турнирі аясында 27 жастағы америкалық Ханна Сайферспен жұдырықтасты. АҚШ өкілі үшін бұл UFC-дегі алтыншы кездесу болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды (видео)