Выйти
RU

ДДСҰ: Қазақстандағы "белгісіз" пневмония коронавирустың жаңа түрі болуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері Қазақстанда белгісіз сипаттағы пневмонияның өршуіне байланысты мәлімдеме жасады. ДДСҰ бұл жай ғана дұрыс тексерістен өтпеген коронавирус инфекциясы болуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ДДСҰ: Қазақстандағы "белгісіз" пневмония коронавирустың жаңа түрі болуы мүмкін

Көрнекі фото: pexels.com: UGC

ДДСҰ Қазақстанда соңғы күндері кең таралған пневмония бұл коронавирустың жаңа (және әлі де белгісіз) түрі екені туралы болжам барын айтты.

Бұл жайлы жұма күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай бағдарламасының атқарушы директоры Майкл Райан Женевада өткен кезекті онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстанда "белгісіз" пневмонияның өршуі коронавирус болуы мүмкін. Ол анықталған жағдайларды "жай ғана қате тексерілген" деп атап өтті.

Майкл Райан сонымен бірге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстан билігімен ынтымақтастықта екенін айтты. Мамандар пневмония диагнозы қойылған науқастардың рентген суреттерін зерттеп жатыр.

Тағы да оқыңыздар

Министр Қытай БАҚ өкілдерінің "Қазақстандағы жаңа пневмония" туралы ақпаратын талқылады

ДДСҰ сонымен қатар жалған теріс сынақтардың болмауын қамтамасыз ету үшін тестілеу сапасын тексереді, деді ол.

Ол Қазақстандағы пневмонияға қатысты жағдай ұйымның бақылауында екенін атап өтті.

36-минуттан бастап көріңіз.

Еске сала кетсек, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Қытайдың кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жариялаған "Қазақстанда жаңа пневмония шықты" деген ақпаратты талқылаған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ДДСҰ: Қазақстандағы "белгісіз" пневмония коронавирустың жаңа түрі болуы мүмкін