RU

Дәрігер ыстықта кофе ішудің қаншалықты қауіпті екенін айтты

Ағзаға зиян келтірмеу үшін аптап ыстықта кофе ішуді шектеген дұрыс. Иммунолог, аллерголог дәрігер Ирина Ярцева қауіпті салдардан аулақ болудың жолдарын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Дәрігер ыстықта кофе ішудің қаупін айтты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Сергектік үшін бір шыны кофе – көптеген адамның өзгермейтін әдеті. Алайда, көп мөлшерде ішу сусыздануға әкелуі мүмкін, бұл күннің ыстығында өте қауіпті деп санайды Ирина Ярцева.

"Ыстықта кофеге қатысты қатаң қарсы көрсетімдер мен нұсқаулар жоқ. Кофенің негізгі әсері – ағзадағы сұйықтықтарды кетіруді жылдамдату. Ыстықта ағзаның сусыздану қаупі өте жоғары. Сондықтан қабылдауға дейін немесе одан кейін бір стақан су ішу керек", – деді Ирина Ярцева.

Егер адамда қосымша физикалық белсенділік болса, кофе мөлшерін шектеген жөн.

"Физикалық жаттығулар жасап, терлеу кезінде өте көп сұйықтық жоғалады, ал күн ыстықта одан да көп. Сондықтан кофені шекті мөлшерде ішу керек. Егер адамда несеп-тас ауруы қатар болса, фильтрациямен байланысты бүйрек зақымданған болса, мұндай адамдар күніне бір кесе кофеден артық ішпеген жөн", – деп кеңес берді дәрігер.

Ирина Ярцева ыстық және суық кофенің айырмашылығы жоғын да қоса кетті.

"Ешқандай айырмашылық жоқ, өйткені мұндағы белсенді зат бір – бұл кофеин. Оның құрамы тек жалпы сезім мүшелеріне әсер етеді. Мен күніне үш кесеге дейін ішуге кеңес беремін. Бұл адамға сұйықтық беретін және зиян тигізбейтін кофе мөлшері", – деп санайды терапевт.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері Қазақстанда белгісіз сипаттағы пневмонияның өршуіне байланысты мәлімдеме жасады. ДДСҰ бұл жай ғана дұрыс тексерістен өтпеген коронавирус инфекциясы болуы мүмкін екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864511-driger-ystykta-kofe-isudi-kansalykty-kauipti-ekenin-ajtty.html