RU

Тұрғымбаев қазақстандықтарға үндеу жолдады

Telegram logo VKontakte logo

Ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаев жалған ақпарат тарату үшін жауапкершілік туралы ескертті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сілтеме жасап.

Тұрғымбаев қазақстандықтарға үндеу жолдады

Көрнекі фото: pexels.com: UGC

Ол сонымен қатар әлеуметтік желілерде жалған жазбаларды тарату бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізетінін еске салды.

"Мен "ұшақтар мен тікұшақтардың көмегімен вирус және биохимиялық қару шашып жатқаны" туралы ақпараттың жалғандығын айттым. Әрине, бұл – өтірік және арандатушылық. Бұл факті бойынша ІІМ тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Тексеру көрсеткендей, бұл факт шетелдегі өрттерді сөндіру кезінде болған. Ұшақтардағы анықталған белгілер, өрт сөндіру автокөліктерінің нөмірлік белгілері және өрт сөндірушілердің ағылшынша сөйлеуі де осыны дәлелдейді", – деді Тұрғымбаев.

Ол сондай-ақ, Қазақстанда мұндай техника жоқ және қолданылмайтынын атап өтті.

Тағы да оқыңыздар

"Тікелей тыйым жоқ": Ішкі істер вице-министрі елордадағы отшашуға қатысты пікір білдірді

"Сондықтан, мен кезекті рет азаматтарды тек мемлекеттік органдардың ресми мәліметтеріне сенуге және жалған әрі расталмаған ақпаратты таратпауға шақырамын", – деді ішкі істер министрі.

Сондай-ақ, өз сөзінде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев азаматтарға дәрі-дәрмектердің заңсыз сатылуын анықтауда көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

Еске салсақ, желіде қызыл түсті белгісіз затты шашыратып жүрген ұшақтың видеосы пайда болған еді. Оқырмандар әуе кемесінің еліміздің аумағынан ұшып өткенін айтып, бейнежазбаны қызу талқылаған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Тұрғымбаев қазақстандықтарға үндеу жолдады