RU

Нұр-Сұлтанға COVID-19 және пневмониямен ауыратын науқастарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді

Дәрі-дәрмек тиелген жүк ұшағы елордалық әуежайға қонды. Дәрі-дәрмектер COVID-19 және пневмониямен ауыратын науқастарды емдеуге арналған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram арнасына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанға COVID-19 және пневмониямен ауыратын науқастарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді
Фото: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК: Getty Images

Астананың әуежайына келіп қонған ұшақ аса қажетті дәрі-дәрмектер жеткізді.

Осылайша, алғашқы жөнелтілім кезінде қалаға 600 мыңнан астам дәрі-дәрмек қаптамасы жүк ұшағымен жеткізілді. Келіп түскен тауарлардың тізімінде дәрі-дәрмектің 350-ге жуық түрі бар. Мысалы, ксарелто, цефтриаксон, клексан, азитромицин, дексаметазон, метилпреднизолон, ибупрофен, нимесулид, кардиомагнил, левофлоксацин, метронидазол, гепарин, нимесулид, ибуфен, парацетамол, офлоксацин және т.б.

Нұр-Сұлтанға COVID-19 және пневмониямен ауыратын науқастарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді
Фото: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК: Instagram

Ірі дәріхана желілеріне жеткізу ертең, 13 шілдеден басталады. Сонымен қатар жақында жүк көліктерімен тағы дәрі-дәрмек жеткізіледі деп күтілуде. Осы аптада дәрі-дәрмектер дәріханаларға жеткізіле бастады. Дәріханаларды қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты негізде жүргізілетін болады.

Сонымен қатар жақын уақытта елордаға сатып алынған заттардан басқа, 200 өкпені жасанды желдету құрылғысы, 500 флуометр, 500 оттегі концентраторы және екі компьютерлік томограф жеткізіледі.

Еске сала кетсек, 11 шілде күні қазақстандық әуе жолдары Ресейден 50 тоннаға жуық танымал дәрі-дәрмектерді жеткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864530-nr-sltanga-covid-19-zne-pnevmoniamen-auyratyn-naukastardy-emdeuge-arnalgan-dri-drmekter-zetkizildi.html