RU

Атырауда қос бірдей медицина қызметкері коронавирустан көз жұмды

Атырауда инфекционист-дәрігер Жұмабек Дәулетов пен фельдшер Алмагүл Демесинова коронавирус инфекциясы мен екі жақты пневмониядан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Ақ Жайық"-қа сілтеме жасап.

Атырауда қос бірдей медицина қызметкері коронавирустан көз жұмды
Фото: Ақ Жайық: UGC

Басылымның хабарлауынша, жұқпалы аурулар бойынша маман Жұмабек Дәулетов коронавирустан, фельдшер Алмагүл Демесинова екі жақты пневмониядан қайтыс болған.

Жұмабек Дәулетов медицина саласында 40 жылдан астам уақыт еңбек еткен. Ол мейірімді, жанашыр, ең бастысы – тәжірибесі мол инфекционист маман еді деп еске алады оны жақындары мен әріптестері.

Сонымен қатар, 10 шілдеде жоғары санатты фельдшер 48 жасқа енді толған Алмагүл Демесинова екі жақты пневмониядан көз жұмды.

Медицина училищесін бітіргеннен кейін еңбек жолын жедел жәрдем станциясында бастады. Сауатты, жауапты маман болған. Ол жастарға білгенін үйретіп, ауысымда адамдар жетіспей жатса, қолдан келгенше көмек қылыпты.

Ол коронавирус инфекциясымен күресуге жұмылдырылған бригада құрамындағы жұмыс барысында коронавирус жұқтырып алған. 10 шілдеде әйел Атыраудағы жергілікті ауруханада қайтыс болды.

Еске сала кетсек, Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов өмірден өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864531-atyrauda-kos-birdej-medicina-kyzmetkeri-koronavirustan-kz-zmdy.html