Выйти
RU

Президенттік клиниканың танымал дәрігері коронавирустан қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Медицина ғылымдарының кандидаты, президенттік клиниканың урологы Павел Шолохтың коронавирус инфекциясынан көз жұмғаны туралы белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

оооооооооо

Павел Шолох. Фото: facebook.com/bmcudp.kz

Аурухана парақшасында хабарланғандай, Қазақстан Республикасы Президент ісін басқару клиникасында жұмыс істеген танымал уролог Павел Шолох қайтыс болды. Ол коронавирус инфекциясынан көз жұмған.

Марқұмның жасы 53-те болатын. Әріптестері мен пациенттер, достары мен туыстары Шолох туралы ыстық ықылас пен жылы лебіздерін арнап, еске алуда. Ол өмірінің 20 жылдан астам уақытын медицинаға арнаған нағыз дос және керемет маман ретінде есте қалды.

Оның клиникадағы әріптестері туыстары мен достарына көңіл айтты.

Коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың қайғылы статистикасы күн сайын толықтырып жатыр. Өкінішке қарай, ауруға қарсы күресте алдыңғы қатарда тұрған дәрігерлердің өзі осы бір зұлым індеттің аранына түсіп қалып жатыр.

Тағы да оқыңыздар

Атырауда қос бірдей медицина қызметкері коронавирустан көз жұмды

Еске сала кетсек, Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов өмірден өткенін жазған болатынбыз.

Оған қоса, Атырауда инфекционист-дәрігер Жұмабек Дәулетов пен фельдшер Алмагүл Демесинова коронавирус инфекциясы мен екі жақты пневмониядан қайтыс болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Президенттік клиниканың танымал дәрігері коронавирустан қайтыс болды