Выйти
RU

Денсаулық сақтау министрлігі 553 млн теңгеге көлік алуға қатысты түсінік берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті 553 миллион теңгеге автокөліктерді сатып алуға қатысты түсінік берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі 553 млн теңгеге көлік алуға қатысты түсінік берді

Көрнекі фото: mordovmedia.ru

"Мемлекет басшысының мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуын нығайта отырып, ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту туралы тапсырмасына сәйкес, сатып алу экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша 2020 жылдың соңына дейінгі Кешенді жоспар аясында денсаулық сақтау жүйесін жітілдіру жөніндегі Іс-шаралар жоспарына енгізілді", – деді комитеттен.

Ведомство мәліметі бойынша, көліктер комитеттің 18 аумақтық департаментінің (224 аудандық бөлімшесі бар) мамандары, яғни елдің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі үшін сатып алынып жатыр.

"Соңғы 8-10 жылда санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің автопаркі жаңаланған жоқ. Бүгінде автопарктің 90%-ы 100%-ға тозығы жеткен. Коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты коронавируспен күрес үшін арнайы автокөлікке жіті қажеттілік туындады", – деп толықтырды.

Тағы да оқыңыздар

Қазақмыс COVID-19 диагностикалау және емдеу бойынша медқызметтердің қолжетімділігін арттырады

Жаңа көліктер орташа алғанда 300 шақырымнан астам радиуста инфекциялық сырқаттардың эпидемиологиялық ошақтарын уақытылы тексеру үшін қажет. Сондай-ақ лабораториялық зерттеулерді жасау үшін сараптамаларды шұғыл алып отыруға керек.

"Аталмыш сатып алуға қаражат 2018-2020 жылдарғы үшжылдық бюджетке енгізілген. Жоспар бойынша отандық өндірістің арнайы автокөлік құралдары сатып алынады", – деп түйіндеді министрлік комитетінен.

Еске сала кетсек, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың тапсырмасымен облыс әкімдігінің 30 қызметтік көлігі Ақтау қаласындағы емханаларға берілген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Денсаулық сақтау министрлігі 553 млн теңгеге көлік алуға қатысты түсінік берді