Выйти
RU

Қазақстанда бүгін Жалпыұлттық аза тұту күні

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде коронавирус індетінің құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты бүгін - Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Еске сала кетсек, 13 шілде Қазақстанда Ұлттық аза тұту күні болып жарияланған болатын.

Бұл туралы 8 шілде күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына жасаған үндеуінде айтқан еді.

"Әр қазақ – менің жалғызым" дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Бірақ, біздің күресіміз жалғаса береді", - деді мемлекет басшысы өз үндеуінде.

Тағы да оқыңыздар

Амандық Баталов ауруханадан жазылып шықты

Президент бүкіл күш жігерімізді жинап, індетпен күресе беруіміз керектігін айтты.

Астана ​уақытымен бүгін сағат 12.00-де республикалық телеарналар эфирінде бір минуттық үнсіздіктің тікелей көрсетілімі ұйымдастырылады.

Аза тұту күнінде Қазақстан бойынша мемлекеттік органдардың, сондай-ақ, дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарындағы мемлекеттік Ту түсіріледі.

Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде індет салдарынан 375 науқас қайтыс болды. Қайғылы жағдайдың басым бөлігі елордада тіркелген (81 адам).

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда бүгін Жалпыұлттық аза тұту күні