Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық белгілі үш бокс бапкері коронавирус індетінің құрбаны болды

Опубликовано:

Маңғыстау облысына еңбектері сіңген бокс бапкерлері Берік Ермағанбетов, Жеңіс Жарылғапов және Ақылбек Теміров коронавирус инфекциясынан көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы жергілікті бокс федерациясының Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Getty Images
"Маңғыстаудың бокс федерациясы орны толмас қайғыға душар болғанын хабарлаймыз. Дарынды, сауатты бапкерлер - жоғары ұлттық санаттағы төреші, бокстан КСРО спорт шеберіне үміткер Берік Ермағанбетов, Қазақстанның бокстан еңбек сіңіргнен бапкері, Жаңаөзен құрамасының аға жаттықтырушысы  Жеңіс Жарылғапов және Жаңаөзеннің бокстан аға жаттықтырушысы Ақылбек Теміровтен айырылдық", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, үш жаттықтырушы да өңірде бокс саласының дамуына сүбелі үлес қосқан.

Берік Ермағанбетов көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанған. Жеңіс Жарылғапов Қазақстан чемпиондары мен жүлдегерлерін тәрбиелеп шығарды. Ал Ақылбек Теміров 30 жылын бапкерлікке арнаған. Оның да шәкірттері - Қазақстан чемпионы атағына ие болды.

Еске сала кетсек, коронавирус індетінің құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты бүгін Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864560-otandyk-belgili-s-boks-bapkeri-koronavirus-indetini-krbany-boldy/

pixel