Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында дауыл салдарынан 19 жастағы қыз мерт болды

Опубликовано:

Қарағанды облысында қатты дауыл салдарынан 19 жастағы қыз суға батып кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Қайғылы жағдай Абай ауданындағы Топар су қоймасында орын алған. 19 жастағы бойжеткеннің денесін құтқарушылар бірнеше сағаттан кейін тапты.

"Үрлемелі матрацпен жүзіп жүрген 2001 жылы туған қызды қатты жел екпіні жағадан алыс алып кеткен. Кейінірек оның денесін құтқарушылар судан алып шықты", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында суға толы шұңқырға шомылған екі жасөспірімнің бірі мерт болғанын хабарлаған едік.

24 маусым күні сағат 18:38-де Жезқазған-Сәтбаев автожолының жиегіндегі суға толы орға 2006 жылғы жасөспірім батып кеткендігі хабарланды. Анықталғандай, жасөспірімдер ересектердің қарауынсыз шомылған. Суға батып бара жатқан сәтте олар адамдарды көмекке шақыра бастаған.

"Айғайды естіген куәгерлер көмекке келіп, 2007 жылы туған қызды құтқарып алған. Қарағанды облысы ТЖД сүңгуірлері жағалаудан үш метр қашықтықта ұл баланың денесін тауып алды", - деді Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864565-karagandy-oblysynda-dauyl-saldarynan-19-zastagy-kyz-mert-boldy/

pixel