Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жамағатсыз жаназалар": Абдуллин мен Әлқожа індет қасіретін әнмен жеткізді

Опубликовано:

Отандық танымал әншілер Нұрболат Аблуллин мен Әбдіжаппар Әлқожа күллі әлемге үлкен қайғы-қасірет әкеліп, ауыр сынақ болған қауіпті індет туралы әсерлі ән шығарды. Қос өнерпаз өлең арқылы халық басынан өткізіп жатқан қазіргі қиын жағдайды баяндап, бүгінгідей технология қарыштап дамыған заманда бұл вирустың емі әлі табылмай жатқанына күйінді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр.
Фото: видеодан кадр.: Instagram

Абдуллин мен Әлқожа қатерлі індет жайлы әнін арнайы жалпыұлттық аза тұту күніне орай шығарған.

Өлеңде меймандарсыз өтіп жатқан мейрамдар мен жамағатсыз болған жаназалар туралы айтылады.

Қос әнші өзінің "Әлсіз әлем" атты туындысы арқылы ғалымдары көп мына заманда бір вирусты тоқтатудың тәсілі анықталмай жатқанына күйініштерін жеткізді.

Өнер иелері жаратушыдан тығырыққа тірелген адамзатқа дұрыс жол сілтеуін сұрап, қауіпті індет құрбандарына жәннат сыйлауын айтса, ауырып жатқандарға ғұмыр беруін тілеген.

Желі қолданушылары аталмыш әннен ерекше әсер алып, қос жұлдыздың еңбегін жоғары бағалады.

Олар әншілердің көптің көкейіндегі сөзді бір өлеңмен жеткізе білгенін атап өтіп, туындыны тыңдаған соң еріксіз көздеріне жас алғандарын жасырмай айтты.

Еске сала кетейік, бүгін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1864571-zamagatsyz-zanazalar-abdullin-men-lkoza-indet-kasiretin-nmen-zetkizdi/

pixel