Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген: Індет құрбандарын, мына қаралы күндерді ешқашан ұмытпаймыз

Опубликовано:

Қазақстанның жарық жұлдызы Димаш Құдайберген Жалпыұлттық аза тұту күніне орай желіде жантебірентерлік жазба жариялап, қауіпті індет салдарынан қара жамылған отбасыларға көңіл айтты. Өнер иесі жақынынан айырылған жандардың қайғысына ортақтасып, қасіретке толы бұл күндер ешқашан ұмыт болмайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash.
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash.: Instagram

Димаш Құдайберген көптеген жақсы адамдардың өмірін қиғанын қатерлі індетке өзгелерді де құрбан етуге жол бермеу керек екенін айтты.

Ол ауырып жатқан жандарды аман алып қалуға әрекет етуге шақырды.

Өнер иесі тек халық жұмыла біріксе ғана, аты жаман ауру тізе бүгетінін алға тартты.

"Өкінішке қарай, күллі әлемді шарпыған пандемия Қазақстанды да айналып өтпеді. Қаншама отбасы қара жамылды. Күн сайын мен танитын, танымайтын қаншама адам өмірден өтіп жатыр.

Бұл неткен қасірет еді. Қазір жүрегі бар адамның тыныш ұйықтауы мүмкін емес.

Бүгін - Аза тұту күні! Осы індеттің кесірінен қайтыс болған барлық адамды жаратушы иеміз панасына алғай! Марқұмдардың туған-туыстарына сабыр тілеймін. Біз оларды, мына қаралы күндерді ешқашан ұмытпаймыз.

Қазіргі міндет - ауырып жатқандарды аман алып қалу. Әрбір адам үшін күресуіміз керек. Бәріміз осы ұлы мұрат жолында жұмылуымыз қажет. Тезірек індет аяқталып, мамыражай күндеріміз қайта келеді деп сенемін. Ендігі жерде көк байрағымыз еңкеймегей" , - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1864572-dimas-kdajbergen-indet-krbandaryn-myna-karaly-knderdi-eskasan-mytpajmyz/

pixel