Выйти
RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 60 мыңға жуықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1646 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 59 899-ға жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

"Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 957 адамда клиникалық белгілері жоқ", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 123 / 54

Алматы қаласы - 231 / 98

Шымкент қаласы - 81 / 16

Ақмола облысы - 35 / 22

Ақтөбе облысы - 63 / 40

Алматы облысы - 34 / 27

Атырау облысы - 266 / 220

Шығыс Қазақстан облысы - 100 / 60

Тағы да оқыңыздар

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1798 адамға артты

Жамбыл облысы - 71 / 53

Батыс Қазақстан облысы - 99 / 53

Қарағанды облысы - 176 / 102

Қостанай облысы - 49 / 19

Қызылорда облысы - 54 / 24

Маңғыстау облысы - 107 / 100

Павлодар облысы - 77 / 21

Солтүстік Қазақстан облысы - 70 / 38

Түркістан облысы - 10 / 10

Соңғы деректер бойынша, елімізде қауіпті инфекция салдарынан 375 науқас көз жұмды, Соңғы бес тәулікте вирус 111 адамның өмірін жалмағаны хабарланды.

Еске сала кетсек, коронавирус індетінің құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты бүгін Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 60 мыңға жуықтады