Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен өзге де шенділер Ақорда алдында індеттен қаза болғандарды еске алады

Опубликовано:

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен өзге де лауазымды тұлғалар Ақорда резиденциясының алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысының Өкімімен 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленген болатын. Осыған орай түнгі сағат 00:00-ден бастап еліміздегі барлық Мемлекеттік Ту төмен түсірілді.

Ал бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 12:00-де республика бойынша коронавирус пандемиясының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу жарияланды.

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен еліміздің өзге де лауазымды тұлғалары Ақорда резиденциясының алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алады.

Індет құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық аймағында өтеді.

Құрбандарға тағзым шарасын республикалық арналар тікелей эфир арқылы көрсетеді.

Соңғы деректер бойынша, елімізде қауіпті инфекция салдарынан 375 науқас көз жұмды, Соңғы бес тәулікте вирус 111 адамның өмірін жалмағаны хабарланды.

Еске сала кетсек, коронавирус індетінің құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты бүгін Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1864601-tokaev-pen-lauazymdy-tlgalar-akorda-aldynda-indetten-kaza-bolgandardy-eske-alady/

pixel