Выйти
RU

Қазақстанда коронавирустан сақтандыру: бағасы мен шарттары қандай

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның сақтандыру компаниялары уақыт талабына сай әрекет етуде. Олардың кейбірі коронавирустан сақтандыру секілді заманауи қызмет түрін ұсынып отыр. Осы орайда Нұрфин журналистері коронавирус инфекциясынан сақтандыру бағасын, онда қандай төлемдер қарастырылғанын білуге тырысты.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Сақтандыру – бұл сақтандыру жағдайында зардап шеккен адамға өтемақы төленетіндігінің кепілі. Ол сақтандыру төлемі деп аталады.

Сақтандыру үшін клиент белгілі бір соманы – сақтандыру сыйақысын компанияның шотына аударуы керек. Нәтижесінде ол полис келісімшартқа байланысты бірнеше ай, жарты жыл немесе бір жыл қызмет етеді.

Егер сақтандыру жағдайы келісімшартта келісілген уақытта орын алса, онда клиент сақтандыру полисіне аударған төлемінен бірнеше есе жоғары соманы алады.

Ал егер келісілген уақытта ешқандай жағдай орын алмаса, (жинақтаушы сақтандыруды қоспағанда) клиенттің ақшасы қайтарылмайды.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын көтергендерге қандай жазалар қарастырылған

Осылайша автокөлік немесе үй секілді жеке мүліктен бөлек, денсаулықты да сақтандыруға болады. Атап айтқанда, әр азамат өзін жазатайым оқиғадан, тіпті, коронавирус секілді белгілі бір аурулардан да сақтандыра алады.

Коронавирустан сақтандырудың бағасы қанша

Біз сақтандыруды тіркеу нюанстарын және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру ережелерін осындай қызмет ұсынатын қазақстандық сақтандыру компанияларының бірінің мамандарынан білдік. Ең алдымен, біз коронавирустан сақтандыру қанша тұратынын сұрадық.

Азамат Ердесов – Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясының басқарма басшысы: «CoronaProtect коронавирустан сақтандырудың бағасы таңдалған пакетке байланысты болады. Мұндай сақтандыру пакеті үшеу: олар бағасы мен сақтандыру жағдайынде берілетін өтемақы мөлшерімен ерекшеленеді.
Сақтандыру пакеттерінің бағасы: 4 900, 9 800 және 24 500 теңге. Сақтандыру мерзімі – 6 ай. Бағдарлама бойынша келісімді жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да жасай алады».

Тағы да оқыңыздар

"Екінші толқын емес": Дәрігер Қазақстандағы коронавирус эпидемиясы туралы айтты

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Коронавирусқа шалдыққан адам қандай мөлшерде сақтандыру төлемін алады

Азамат Ердесов – Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясының басқарма басшысы: «Таңдалған пакетке байланысты сәйкес диагнозбен ауруханаға жатқызылған клиентке компания 100 000, 200 000 немесе 500 000 теңге береді.
Егер сақтандырылған адам Covid-19 індетінен көз жұмса, оның мұрагерлері 1 000 000, 2 000 000 немесе 5 000 000 теңге өтемақы алады. Келісімшарт жасасқанда әр клиент мұрагерлерін көрсетуі тиіс».

Яғни, коронавирустан сақтандыру арқылы ауруханаға жатқан жағдайда, сақтандыру құнынан 20 есе көп, ал егер клиент аталған дерттен көз жұмған жағдайда, оның мұрагерлері сақтандыру құнынан 200 есе көп төлем алады.

Өтемақы барлығына бірдей берілмейді

Сақтандыру компаниясының мамандары атап өткендей, клиент Covid-19 диагнозымен ауруханаға жатқызылып немесе аталған дерттен көз жұмса ғана өтемақыға кепілдік беріледі.

Тағы да оқыңыздар

Карантинде табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңгені кім төлеуі керек

Яғни, ауру белгілері байқалмайтын науқастарға өтемақы төленбейді. Сондай-ақ келісімшартта келісілген мерзімнен бұрын немесе кейін ауырған науқастар да төлемнен қағылыда.

Сақтандыру төлемін алу үшін қандай құжаттар қажет

Азамат Ердесов – Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясының басқарма басшысы: «Клиентке өтемақы төлеу үшін одан келесі құжаттарды алуымыз қажет:
  • Шартта көрсетілген мерзімде, бірақ сақтандыру жағдайы басталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей сақтандыру жағдайының басталғаны туралы жазбаша хабарлама.
  • Сақтандыру жағдайын растайтын құжаттар, мысалы, тест нәтижелері, медициналық мекеме анықтамасы немесе диагнозды көрсететін медициналық анықтама».

Өзін немесе жақындарын коронавирустан сақтандыру немесе сақтандырмау – әр адамның жеке таңдауы. Қалай болған күнде де, өкінішке орай, сақтандыру полисінің аталған індеттен қорғамайтынын есте сақтаған жөн.

Тағы да оқыңыздар

Елімізде ПТР тест неліктен тым қымбат: Министрлік жауап берді

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирустан сақтандыру: бағасы мен шарттары қандай