Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлсіздігіміз үшін кешіріңдер": Отандық өнер жұлдыздары жаппай аза тұтуда

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары барша отандастарымен бірге қатерлі індет құрбандарын еске алып, аза тұтуда. Өнер иелері желіде жантебірентерлік жазбаларын жариялап, марқұмдардың туыстарына қайғыра көңіл айтып жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Angel Garcia/Bloomberg/Getty Images
Көрнекі фото: Angel Garcia/Bloomberg/Getty Images: Getty Images

Әртістер сұм ажал салдарынан өмірден өткен жандардың рухы пейіште шалқып, иманы саламат болуын тіледі.

Олар қаралы күні қауіпті індет кесірінен жақынынан айырылған барша адамның қайғысына ортақтасып, оларға жұбату айтып жатыр.

Өнер жұлдыздары бұл ауыр сынақ өтіп, қуанышты күндер міндетті түрде келетініне сенім білдірді.

"Әр сынақтың қайыры бар. Әлі де Еліміздің көк туы жарқырайды...Әлі де әр қазақтың шаңырағы қуанышқа толы болады. Әлі де ниетіміз, иманымыз артып, бір бірімізге мейіріммен қарайтын күн болады, Тәубамызға келіп, санамызды жақсылыққа толтыра білейік. Дұғада болайық" , - деп жазды Ақбота Керімбекова Instagram желісінде.
"Аза тұту. Жақындарынан айырылып, қайғыдан қан жұтып отырған баршаңызға , қайғырып көңіл айтам . Марқұмдар Алланың рахымында болсын" , - деп жазба қалдырды Сәбит Әбдіхалықов.

"Мүмкіндік болса да - шарасыздығымыз үшін, қойма толы дәрі болса да - тапшылығымыз үшін, құлқынды ойлап қымбаттатқанымыз үшін, қаржы бөлінсе де - жетпегені үшін, жеріміз кең болса да - ауруханамыз тар болғаны үшін, жанайқайды естісек те - керең болғанымыз үшін, көрсек те - мылқау болғанымыз үшін, бай-қуатты күшті болсақ та - әлсіздігіміз үшін кешіріңдер. Алла панасына алсын" , - деп әсерлі сөздерімен бөлісті Жұлдыз Әбдікәрімова.

"Алла Тағалам , өмірден өткен әрбір жанның жанын жәннаттан етсін. Ел аман, жұрт тыныш болсын " , - деп жазды Алтынай Жорабаева.

"Өз бетімен күн көріп ,тыныш жатқан еліме, бұл палекет вирус қайдан жабысты?! Күндердің күнінде ақиқат айтылады, құпиялар ашылады. Ортамыздан, қас-қағым сәтте жоқ болғандар. Иманды болсын" , - деген жазба қалдырды Меруерт Түсіпбаева.

"Құрметтілерім, сын сағаттарда сағымыз сынбасын. Ағаштан бір жапырақ үзілсе де, жаратушымыз оны біледі. Әрбір қиындықтан соң, бір жақсылық келеді. Қашан да Алланың жәрдемі жақын екенін ұмытпайық. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. "Қаралы хабарды қыз бала жеткізсе, қиындық көбейеді"-дегендіктен жағымсыз жаңалықтарды жеткізбеуге тырыстым. Жақсылық жасасам, жарияламайтыным тағы бар. Күн сайын жақындарынан айрылған бауырлардың қайғысы көңіл құлазытпай қоймады. Біздің қолымыздан келері ниетімізді, тілегімізді түзейік. Алла тағала алғандарын мейірімімен жарылқап, қалғандарына берекелі ғұмыр нәсіп етсін" , - деп жазды Сиви Махмуди.

Аза тұтып жатқан өнер иелері арасында Жігер Ауыпбаев, Әли Оқапов, Шахизада Байбатжанова, Бүркіт, Нұртас Адамбай, Дәурен Айдарқұлов, Айгүл Иманбаева, Бағлан Әбдірайымов та бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1864609-lsizdigimiz-sin-kesirider-otandyk-ner-zldyzdary-zappaj-aza-ttuda/

pixel