Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы: Көр болғанымыз үшін, үнсіз қалғанымыз үшін кешіріңдер

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адамдардың барлығынан кешірім сұрады. Телевизия маманы Жалпыұлттық аза тұту күні марқұмдарды есіне алып, олардың туыстарына көңіл айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/sultankyzy.
Фото: Instagram/sultankyzy.: Instagram

Ләйлә Сұлтанқызы індет құрбандарына арнаған аса әсерлі жазбасын әлеуметтік желіде жариялады.

"Қараңдығымыз үшін, сараңдығымыз үшін, кереңдігіміз үшін, көр болғанымыз үшін, үнсіз қалғанымыз үшін кешіріңдер. Жаратқан панасына алсын" , - деп жазды тележүргізуші Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар өнер жұлдыздары да індет құрбандарын аза тұтып, олардан әлсіздік танытқандары үшін кешірім сұраған болатын. Олар марқұмдардың жақындарына көңіл айтып жатыр.

Белгілі журналист Дана Нұржігіт те қаралы күнге байланысты әсерлі жазбасымен бөлісті.

Жалпыұлттық аза тұту күні қауіпті дерттен көз жұмғандарды еске алғандар қатарында журналист Асхат Садырбай да бар. Ол республика бойынша қаралы күн жариялауды дұрыс шешім екенін алға тартып, көпшілікті марқұмдар үшін дұға етуге шақырды.

Оған қоса, журналист Ақорда алдына шыққан мемлекет басшысының бір минут үнсіздігі өзіне аса ауыр тиген айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864612-ljl-sltankyzy-kr-bolganymyz-sin-nsiz-kalganymyz-sin-kesirider/

pixel