RU

Президент "қарусыз майданда" мерт болған екі дәрігерді марапаттады

Telegram logo VKontakte logo

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде еңбегі сіңген бірқатар медицина қызметкерлерін арнайы наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

"Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы" МКК бөлімше меңгерушісі Исаев Олег Николаевич (марқұм) пен Ақтөбе облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Қозбағаров Қалихан Есбосынұлына (марқұм) Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын", - делінген тиісті құжат мәтінінде.

Соңғы деректер бойынша, елімізде қауіпті инфекция салдарынан 375 науқас көз жұмды, Өткен аптада вирус 111 адамның өмірін жалмағаны хабарланды.

Тағы да оқыңыздар

"Орны бөлек тұлғалар": Қауіпті дерт арамыздан алып кеткен танымал адамдар

Еске сала кетсек, осыған дейін жалпыұлттық аза тұту күніне орай ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен өзге де лауазымды тұлғалар Ақорда резиденциясының алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алатынын жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Президент "қарусыз майданда" мерт болған екі дәрігерді марапаттады