Выйти
RU

Танымал актриса Айшвария Рай жанұясымен бірге коронавирус жұқтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Болливудтың супержұлдызы, үнді киносының тарихында көп атаққа ие Амитабх Баччаннан коронавиус анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ centralasia.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Танымал актриса Айшвария Рай коронавирус жұқтырды

Айшвария Рай. Фото: centralasia.media: Twitter

Кейіннен коронавирус инфекциясы актердің ұлы - актер және продюсер Абхишек Баччанда, келіні, фотомодель әрі актриса Айшвария Райда және олардың сегіз жасар қызында расталды. Олар Мумбаидағы ауруханаға жатқызылды.

Айшвария Рай Баччан фотомодель әрі актриса. Ол 1994 жылы "Әлем аруы" конкурсында жеңіске жеткен. 2009 жылы Үндістандағы маңыздылығы бойынша төртінші орындағы Падма Шри сыйлығын алды. 2012 жылдан бастап франциялық өнер және әдебиет орденінің офицері.

Джон Хопкинс университетінің ақпарынша, Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша үшінші орында тұр. Онда 850 мың адам дертке шалдыққан.

Тағы да оқыңыздар

"330-ының жағдайы ауыр": Елімізде 28 мың адам пневмониямен стационарда жатыр

Айта кетейік, Жалпыұлттық аза тұту күніне орай ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен өзге де лауазымды тұлғалар Ақорда резиденциясының алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алады.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 12:00-де республика бойынша коронавирус пандемиясының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу жарияланды.

Індет құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық аймағында өтеді. Құрбандарға тағзым шарасын республикалық арналар тікелей эфир арқылы көрсетеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Танымал актриса Айшвария Рай жанұясымен бірге коронавирус жұқтырды