Выйти
RU

Ақорда алдында қатерлі індеттің құрбандарын еске алу рәсімі өтті (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде коронавирус індетінің құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты бүгін - Жалпыұлттық аза тұту күні өтіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Елорда уақытымен 12:00-де республика бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Аза тұту күнінде мемлекеттік органдардың, сондай-ақ, дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарындағы мемлекеттік Ту түсірілді. Сондай-ақ, телерадио компаниялары хабар тарату кестесін өзгертіп, ойын-сауық бағдарламалары тоқтатылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен еліміздің өзге де лауазымды тұлғалары Ақорда резиденциясының алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алды.

Соңғы деректер бойынша, елімізде қауіпті инфекция салдарынан 375 науқас көз жұмды, Соңғы бес тәулікте вирус 111 адамның өмірін жалмағаны хабарланды.

Еске сала кетсек, 13 шілде Қазақстанда Ұлттық аза тұту күні болып жарияланған болатын. Бұл туралы 8 шілде күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына жасаған үндеуінде айтқан еді.

Тағы да оқыңыздар

"Орны бөлек тұлғалар": Қауіпті дерт арамыздан алып кеткен танымал адамдар

"Әр қазақ – менің жалғызым" дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Бірақ, біздің күресіміз жалғаса береді", - деді мемлекет басшысы өз үндеуінде.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақорда алдында қатерлі індеттің құрбандарын еске алу рәсімі өтті (видео)