Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақып Асанов: Бұл - біреуге орны толмас қаза, ал жақындарымыз үшін дабыл

Опубликовано:

Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов 13 шілде - Жалпыұлттық аза тұту күніне орай қазақстандықтарға көңіл айтты. Мәтінді Жоғарғы Сот баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов Facebook парақшасында жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жоғарғы Сот төрағасы аза тұту күніне орай қазақстандықтарға көңіл айтты
Фото: Жоғарғы Соттың ресми сайты: UGC

"Құрметті қазақстандықтар!

Бүгінде өзгенің қасіреті, өзгенің қайғысы деген болмайды. Біз осы күндері бастан кешкен қайғының соншалықты ауқымды боларын білмедік.

Коронавирус күн сайын адамдардың өмірін жалмап, қазақстандық әр отбасына ауыр қайғы әкелуде. Бұл біреуге орны толмас қаза, ал жақындарымыз, қартайған ата-аналарымыз бен балаларымыз үшін дабыл.

Бүгін – Ұлттық аза тұту күні коронавирус пандемиясынан қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Жақындарынан айрылған отандастарымызға қайғырып көңіл айтамыз.

Елімізбен бірге әріптестерімізді – мезгілсіз өмірден озған судьялар мен сот қызметкерлерін аза тұтамыз. Олардың әрбірінің сот корпусында өз орны бар, өз қызметтерін адал атқарды. Олардың жарқын бейнесі есімізде мәңгі сақталады.

Қымбатты қазақстандықтар! Өздеріңіз бен жақындарыңызға қамқор болыңыздар! Бүгінде біз қорғауға тиісті ең басты құқық – біздің өміріміз!",- деді Асанов.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 13 шілдеде республиканың барлық өңірінде Құран Хатым дұғасы жасалатынын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864627-zakyp-asanov-bl---bireuge-orny-tolmas-kaza-al-zakyndarymyz-sin-dabyl/

pixel