Выйти
RU

Шымкент тұрғыны анасын "дәрігерлер өлтіргенін" айтып, дабыл қақты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

28 жастағы Шымкент тұрғыны анасының ауруханада оттегі жетіспеуінен көз жұмғанын айтып, оған ақ халаттыларды кінәлауда. Айтуынша, өздері сатып алып берген оттегі балонын дәрігерлер басқа науқасқа беріп қойған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Айжан Ергешованың Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

"Бұл эмоция емес, бұл – фактілер. Менің інім ішке кіріп, анамның ес-түссіз жатқанын көрді. Оттегі баллонын іздеп, оны басқа адамнан тауып алды, бірақ баллон бос болған...

Сол сәтте ол екінші баллонды алу үшін маған далаға жүгіріп шықты. Сол 5 минуттың ішінде анам жан тапсырды. Оны оттегі балонынан ажыратпауы керек еді, олар анамның оттегісіз бірден тұншығып қалатынын білді.

Сондықтан да тағы да жауапкершілікпен мәлімдеймін – менің анамды өлтірді!", – дейді Шымкент тұрғыны.

Тағы да оқыңыздар

"Ақшам болмады": Коронавирусқа тест тапсырмаған алматылық әйел үйінде босанған

Айжан Еркешова анасының 1988 жылдан бері медбике болып жұмыс істегенін мәлім етті.

Айтуынша, анасын ауруханаға жеке клиниканың жедел жәрдем көлігімен ақша төлеп жеткізген. Сондай-ақ ол мемлекеттік ауруханаға 300 000 теңгеден астам сомаға дәрі-дәрмек, оттегі балонын әкеліп бергенін атап өтті.

"Бүгін әкімнің баспасөз хатшысы жазды. Мәселені анықтайтындарын айтып, оттегін алып қойғандарын қайдан білгенімді сұрады", – дейді Айжан.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы Айжан Ергешоваға көңіл айтып, хат жолдаған.

"Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы сізге және отбасыңызға қайғырып көңіл айтады!

Сіздің анаңыз 8 шілдеде инфекциялық ауруханаға ауыр хәлде жеткізілді. Пациентке барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Емдеу шаралары ДСМ хаттамасына сәйкес жүргізілді. Бірақ, соған қарамастан оның денсаулық жағдайы жақсармады.

Тағы да оқыңыздар

Көкшетауда науқас палатадағы көршісінің өлімі жайлы айтып берді

Біз бұл жағдайды егжей-тегжейлі анықтайтын тәуелсіз комиссия құрдық. Егер кінәлілер анықталса, олар міндетті түрде жазаланады", – делінген басқарманың хатында.

Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирустан қайтыс болған қазақстандық дәрігерлердің тізімі жарияланғанын хабарлағанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкент тұрғыны анасын "дәрігерлер өлтіргенін" айтып, дабыл қақты