RU

Алматылықтар коронавирустан қаза болғандарға қалай құрмет көрсетті (фото)

Бүгін Қазақстанда коронавирус індетінің құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні. Алматылықтар қауіпті дерттен қаза болғандарға бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аза тұту күні: алматылықтар коронавирустан қайтыс болғандарға қалай құрмет көрсетті (фото)
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Depositphotos

Бүгінгі таңда бүкіл ел бойынша ұлттық ту төмендетіліп, БАҚ хабар тарату кестесін өзгертті.

Республиканың көптеген тұрғыны әлеуметтік желіде еске алуға арналған суреттерді бөлісіп жатыр. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ елдің бірнеше лауазымды тұлғалары қайтыс болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Аза тұту күні: алматылықтар коронавирустан қайтыс болғандарға қалай құрмет көрсетті (фото)
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Facebook

Президенттің Алматыдағы резиденциясындағы жалау да төмендетілді.

Аза тұту күні: алматылықтар коронавирустан қайтыс болғандарға қалай құрмет көрсетті (фото)
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Depositphotos

Алматы әкімдігінде де Аза тұту рәсімі өтті. Қала басшысы Бақытжан Сағынтаев, әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров және әкімдіктің басқа да қызметкерлері мегаполис әкімшілігі ғимаратының алдына жиналып пандемия құрбандарына құрмет көрсетті.

Аза тұту күні: алматылықтар коронавирустан қайтыс болғандарға қалай құрмет көрсетті (фото)
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Depositphotos

Үнсіздік кезінде маска тағу тәртібі және шенеуніктер арасындағы әлеуметтік қашықтық секілді барлық шаралар сақталды. Әкімдік ғимаратының туы да төмендетілген.

Аза тұту күні: алматылықтар коронавирустан қайтыс болғандарға қалай құрмет көрсетті (фото)
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Depositphotos

Аза тұту күні: алматылықтар коронавирустан қайтыс болғандарға қалай құрмет көрсетті (фото)
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Facebook

Айта кету керек, бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирустан құрбан болғандар саны 375 адамға жетті. Соңғы аптада қайтыс болғандар саны 111 адамға артқан. Республика бойынша барлығы 59 899 коронавирус жағдайы тіркелген, оның 34 190-ы емделіп шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864631-almatylyktar-koronavirustan-kaza-bolgandarga-kalaj-krmet-krsetti-foto.html