Выйти
RU

Техаста "Ковид кешке" барған 30 жастағы азамат қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

30 жастағы науқас "Ковид кешке" қатысқан соң қайтыс болды. Медициналық шенеуніктің айтуынша, марқұм вирус мистификация деп есептеген. Бұл жайында KAZ.NUR.KZ centralasia.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Техаста "Ковид кешке" барған 30 жастағы азамат қайтыс болды

Техастағы тестілеу пункті. Фото: centralasia.media: Facebook

"Пациент қайтыс болмас бұрын медбикеге қарап: "Мен қателік жасаған сияқтымын, мұны өтірік деп ойлағанмын, олай емес екен. Дүрбелең тудырғым келмейді, тек шынайы мысалдармен бөлісіп, вирустың қауіпті екенін әрі тез таралатынын түсіндіргім келеді", - деді Сан-Антонио (Техас) әдістемелік аурухананың бас дәрігері Джейн Эпплби.

"Ковид кеш" - коронавирус диагнозы расталған адамдар жиналатын отырыс. Олар осы жиын арқылы вирустың шынайылығына көз жеткізгісі келген.

Айта кетейік, Қазақстанның жарық жұлдызы Димаш Құдайберген Жалпыұлттық аза тұту күніне орай желіде жантебірентерлік жазба жариялап, қауіпті індет салдарынан қара жамылған отбасыларға көңіл айтты.

Тағы да оқыңыздар

"350 мың теңге": Елімізде жерлеу агенттіктері бағаны шарықтатып жіберген

Өнер иесі жақынынан айырылған жандардың қайғысына ортақтасып, қасіретке толы бұл күндер ешқашан ұмыт болмайтынын жеткізді.

Одан бөлек, Болливудтың супержұлдызы, үнді киносының тарихында көп атаққа ие Амитабх Баччаннан коронавиус анықталды.

Кейіннен коронавирус инфекциясы актердің ұлы - актер және продюсер Абхишек Баччанда, келіні, фотомодель әрі актриса Айшвария Райда және олардың сегіз жасар қызында расталды. Олар Мумбаидағы ауруханаға жатқызылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Техаста "Ковид кешке" барған 30 жастағы азамат қайтыс болды