RU

Алматыда 5 жасар баланы өзімен бірге алып кетуге тырысқан ер адам ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда ер адам бес жасар баланы өзімен бірге ертіп әкетуге тырысқан. Полиция күдіктіні ұстады, баланы ұрлау әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда ер адам 5 жасар баланы әкетуге тырысқан

Фото: Видеодан кадр: UGC

Әлеуметтік желілерде кішкентай баланы өзімен бірге алып кетпек болған ақ футболка киген ер адамның видеосы тарауда. Бұл оқиға 10 шілде күні кешке болған. Бала ер адаммен дүкенге дейін еріп баруға келіскен.

"Мына бір күдікті адамды көріп, оның артынан ерген көршісіне рақмет. Ол әйелді байқап қалып, балаға бұталардың арасына тығылып, оны күте тұруын өтінді. Бірақ көршісі баланы шақырды, сол кезде ол сыртқа шықты. Ал ер адам ешқандай жаман ойы болмағанын айта бастады" , - делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыздар

Елордадағы супермаркетте екі пышақ ұстаған әйел шу шығарды (видео)

Баланың ата-анасы полицияға баланы ұрлау әрекеті туралы арыз жазған.

Қазіргі уақытта бұл факт Түрксіб аудандық полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінде тексеріліп жатыр. 1961 жылы туған азамат ұсталды, ол өз кезегінде балаға су алып бергісі келгенін айтты", - деп хабарлады Алматы полициясынан.

Оқиғаның нақты мән-жайы мен себебі тексеріс барысында анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін суға батып бара жатқан баланы құтқармақ болған 10 адамның мерт болғанын жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда 5 жасар баланы өзімен бірге алып кетуге тырысқан ер адам ұсталды