RU

"Құран бағыштайық": Ердос Қанаев қаралы күні әзіл-күлкіні тыюға шақырды

"Жігіттер" квартетінің мүшесі Ердос Қанаев Жалпыұлттық аза тұту күні барша отандастарына үндеу жасады. Өнер иесі оларды бір күн бойы әлеуметтік желілерде әзіл-күлкіден барынша аулақ болуға шақырып, марқұмдар үшін дұға жасауын сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/erdoskanaev.
Фото: Instagram/erdoskanaev.: UGC

Ердос Қанаев Қазақстан халқына деген өз өтінішін Instagram желісіндегі парақшасы арқылы жеткізген.

Ол ел-жұрт қара жамылып жатқанда қалжыңдасып, музыка қойып көңіл көтеру орынсыз екенін айтты.

"Бүгін 13 шілде күні елімізде қаралы күн болып жарияланды. Сол себепті әлеуметтік желілерде әзіл-күлкіге негізделген аудио және видеожазбаларды жарияламасақ деген үндеу. Мүмкіндігінше үйде немесе көлікте музыка қоюдан тыйылайық. Қаралы күні өмірден кеткен марқұмдарға құран бағыштайық. Алла тағаладан елімізді індеттен тазартуын, ауырып жатқандарға шипа беруін сұрайық. Алла дұға-тілектерімізді қабыл етсін" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар өнер жұлдыздары да індет құрбандарын аза тұтып, олардан әлсіздік танытқандары үшін кешірім сұраған болатын. Олар марқұмдардың жақындарына көңіл айтып жатыр.

Белгілі журналист Дана Нұржігіт те қаралы күнге байланысты әсерлі жазбасымен бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864642-kran-bagystajyk-erdos-kanaev-karaly-kni-zil-klkini-tyuga-sakyrdy.html