Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапонияда оқыған қазақ дәрігері коронавирустан емделудің жолдарын көрсетті

Опубликовано:

Жапонияда оқыған қазақ ғалымы Уатқан Сәйпіл коронавирустан емделудің жолдарын ұсынып, ел тұрғындарына видеоүндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Facebook

Маманның пікірін әнші Ерлан Рысқали Facebook парақшасында жазды.

Уатхан Сейпіл сөзінше, қазіргі кезде вирустың таралуының екі үлкен ерекшелігі бар.

  • Біріншісі – жаз мезгілінде күн сәулесінің күшейген уақытында вирустың әрі қарай ауада қалқып өмір сүруіне өте қолайсыз жағдайда бірден мемлекет көлемінде таралуы аса күмәнді, қорқынышты жағдай. Оның ерекшелігі бір уақытта, бір жағдайда көп орында таралуы.
  • Екінші ерекшелігі – жұғуының жоғары болуы. Бір үйде немесе бір жерде болса соның төңірегіндегі барлық адамды қиратып жатыр. Сол себепті осы таралып жатқан тұмауды белгісіз пневмония екен деп өз бетінше түсініктеме бермей, кез келген тұмауға шалдыққан адамды "коронавирус" деп есептеп, дереу емдеу қажет.
Қалай емдеу туралы Қазақстан жақсы біледі және шамасы жетеді. Ақша десе ақша бар. Аурухана жетіспейді деген өтірік. Бүкіл мектеп қаңырап, бос тұр, жылтыратып салып қойған спорт кешендері, Алматы төңірегіндегі ареналар. Соларды уақытша "емханаға" айналдыруға болады", – деді Уатқан Сәйпіл.

Ғалымның айтуынша, Қазақстанда дәрігерлер жеткілікті. Ол зейнетке шығып кеткен немесе жеке клиникасын ашқан медицина қызметкерлерін карантин кезінде емдеуге шақыру қажет дейді.

"Үкімет төтенше жағдайдың ерекше жарлығын шығарсын. Барлығымыз бой ұсынамыз. Емдеу түк те қиын емес. Қазіргі таралып жатқан аурудың симптомдары белгілі. Кейбіреуінің басы ауырады, тамағы қышып жөтеледі, температурасы көтеріледі, бұлшық еттері, сүйектері сыздап қақсап белі ауырады, тамаққа тәбеті болмайды, мұрынмен иіс, ауызбен дәм сезбейді, тіпті кейбіреуінде пневмония. Оған ерекше диагностиканың керегі жоқ.

Үкімет Қазақстан медицинасында жұмыс істеп жүрген мықты он маманның басын қосып, жиын ашсын. Емдеудің бағдарламасын жасасын. Үш-ақ сағатта бағдарламаны жасап шығаруға болады. Себебі бұл дайын симптомдар.

Мәселен бас ауырып келгенде, температурасы көтерілгенде не істеу керек соны айту керек. Бұлардың барлығына дайын дәрілер бар. Ал коронавирусқа қарсы вакцина дүние жүзі бойынша табылған жоқ, Қазақстанда басыңды жерге тоқпақтасаңда табылмайды, ол жоқ. Әзірге симптомдық емдеу жасау қажет", – дейді маман.

Уатхан Сәйпіл қазіргі жағдайды дер кезінде қолға алып, қажетті ем шараларды жасамаса елге қауіп төнуі мүмкін екенін де атап өтті.

"Өкпедегі тыныс алудың нашарлап кетуі қазіргі уақытта көбінесе өкпенің қылтамырларына тромбалардың пайда болуы. Оның алдын алатын дәрілер бар. Бұның бәрін дер кезінде қолға алу қажет. Осыған 5 маман отырып, 3 сағаттық бағдарлама жасауы тиіс. Бағдарлама болса дәрігерлер де жұмыс жасай алады. Сондықтан "дәрігер, емхана жетіспейді" деген үкіметтің айтып отырған сылтауы.

Қазақта: "Тіл алмас бала, адам таппас сылтау айтады" дейді. Бұндай сылтауды айта бермеу керек. Енді уақыт жоқ. Қайталап айтамын қазір тұмау тиіп жатқан адамдардың уақытын тест, ПЦР, ДНК жасауға кетірмеу қажет. Тұмау тисе "коронавирус" деп емдеу қажет. Одан басқа ешқандай шара жоқ. Бұл қарапайым қолдан келетін іс.

Үкімет, билік орындары, денсаулық сақтау министрі қалай ойлап отырғанын мен түсінбедім. Сол себепті дереу қолға алу керек. Уақытында қолға алынбаса өте үлкен апатты жағдай болады. Қазақстан үкіметінің айтпаған әңгімесін біз Қытайдың мәлімдемесінен естиміз. Біздің үкімет неге айтпайды?!

Аурудың таралғанына бір ай уақыт болды содан бері бір ауыз сөз айтпағаны дұрыс емес. Бұл біз сияқты кішкентай клиникалардың қолынан келетін іс емес, бұл мемлекеттік деңгейде атқарылуы тиіс іс. Тағы да айтамын қазіргі тұмау болған адамдардың барлығын "коронавирус" деп есептеп, барлығын емдеу қажет", – деп сөзін қорытындылады Жапонияда оқыған қазақ ғалымы.

Соңғы деректер бойынша, елімізде COVID-19-дан көз жұмғандар 375-ке жеткен. Өткен аптада вирус 111 адамның өмірін жалмаған.

Айта кетейік, бүгін 13 шілдеде қазақстандықтар коронавирус індетінің құрбаны болған азаматтарды аза тұтуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864643-zaponiada-okygan-kazak-drigeri-koronavirustan-emdeludi-zoldaryn-krsetti/

pixel