RU

"Тағзым етеміз": Тоқаев пандемия құрбандарының жақындарына көңіл айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия құрбандарының жақындары мен туыстарына көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Тағзым етеміз": Тоқаев пандемия құрбандарының жақындарына көңіл айтты

Фото: Ақорда: Facebook

"Біз бүгін індеттен қаза болған отандастарымызды еске алып, тағзым етеміз. Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында бұл сынақты тезірек еңсереміз деген сенімдемін.
Үкімет пен әкімдер осы қиыншылықтардан шығу үшін шұғыл шаралар қабылдауда. Дәрігерлердің, полиция қызметкерлерінің, еріктілердің жанкешті жұмысына ризашылық білдіремін",- деді ол.

Айта кетейік, елімізде коронавирус індетінің құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты бүгін - Жалпыұлттық аза тұту күні өтіп жатыр.

Елорда уақытымен 12:00-де республика бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланды. Аза тұту күнінде мемлекеттік органдардың, сондай-ақ, дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарындағы мемлекеттік Ту түсірілді.

Тағы да оқыңыздар

Жоғарғы Сот төрағасы: Бұл - біреуге орны толмас қаза, ал жақындарымыз үшін дабыл

Сондай-ақ, телерадио компаниялары хабар тарату кестесін өзгертіп, ойын-сауық бағдарламалары тоқтатылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен еліміздің өзге де лауазымды тұлғалары Ақорда резиденциясының алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Тағзым етеміз": Тоқаев пандемия құрбандарының жақындарына көңіл айтты