Выйти
RU

"Дәрігерлер мен медбикелер жоқ": Қырғызстанда ер адам ауруханадағы бос дәліздерді көрсетті (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қырғызстандағы медициналық мекемелердің бірі бейнеленген видео әлеуметтік желіде пайда болды. Ролик авторы ауруханада тәулік бойы дәрігерлер мен медбикелердің жоқ екенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Дәрігерлер мен медбикелер жоқ": Қырғызстанда ер адам ауруханадағы бос дәліздерді көрсетті (видео)

Фото: Видеодан кадр: UGC

Искен Афиджанов есімді блогер Facebook парақшасында жазба жариялады. Видео авторы Қанттағы Ыстық-Ата ауруханасына медициналық қызметкерлердің бір тәулік бойы (түсірілім болған кезде) келмегенін айтады.

Автор ауруханада медициналық қызметкерлерден ешкімнің жоқ екенін, тек науқастардың ғана қалғанын хабарлайды.

"Дәрігер, медбикелер жоқ. Бос аурухана. Емдеу тоқтатылды", - деп пікір білдірді видео авторы.

Ер адамның айтуынша, ауруханада коронавирус жұқтырғандар мен пневмониямен ауыратын пациенттер жатыр.

Видео кадрларынан медициналық қызметкерлердің жоғы, ал палаталарда адамдардың жатқанын көруге болады. Ер адам 2 минут бойы бөлімді аралап, пациенттер жатқан палаталарды көрсетеді.

Тағы да оқыңыздар

"Барлығы өтірік": Еріктілер денсаулық министріне видеоүндеу жолдады

Sputnik Қырғызстанның хабарлауынша, Шу облысы бойынша денсаулық сақтау үйлестірушісі Бақтығұл Мамытова желіде тараған видеоға пікір білдірген.

Оның айтуынша, видео қызметкерлердің ауысымы кезінде түсірілген. Мамытованың сөзінше, дәрігерлерге жұмысқа дайын болу үшін уақыт керек. Мамытова оларға жуынып, қорғаныс құралдарын киюі қажет екенін атап өтті.

Десе де ол медициналық персоналдың шынымен де жетіспейтінін мойындады. Кейбір дәрігерлер ауырып жатыр. Жұмысқа қосымша күштер тартылуда. Ауруханаға басқа аймақтардан мамандар жіберу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қырғызстан астанасы Бішкекте карантин күшейтілгенін хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Дәрігерлер мен медбикелер жоқ": Қырғызстанда ер адам ауруханадағы бос дәліздерді көрсетті (видео)