Выйти
RU

Дәрігер: Өзін-өзі емдеу пневмонияның ауыр түріне әкелуі мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бішкектегі жедел жәрдем орталығы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Егор Борисов өзін-өзі емдеудің қаупі туралы ескертті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Дәрігер: Өзін-өзі емдеу ауыр пневмонияға әкелуі мүмкін

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Борисовтың айтуынша, қазір үрейге бой алдырған көптеген адам әлеуметтік желілердегі жалған кеңестерді тыңдап алып, кейін түрлі дәрі-дәрмектерді сатып алып, өздепін пневмонияның ауыр түріне душар етуі мүмкін.

"Адамдар симптомдары енді пайда бола бастаған кезде өзін-өзі емдей бастайды, ал кейбіреулері тіпті ауру белгілері болмаса да солай сақтанғанды жөн санайды. Көптеген адам дексаметазонмен дәрі тамызады. Бұл дәрі-дәрмек, аллергия кезінде жиі қолданылады. Яғни организм күшті иммундық реакция берген кезде оны төмендету керек. Бірақ ағзаға вирус енсе, иммунитет өте қажет. Адам дәрі тамызған кезде симптомдары уақытша жоғалады, бірақ бірнеше күн өткен соң оның күшейіп, қайта пайда болғанын көріп, пневмонияны байқаймыз", – деді дәрігер.

Тағы да оқыңыздар

Жапонияда оқыған қазақ дәрігері коронавирустан емделудің жолдарын көрсетті

Сонымен қатар Егор Борисов азаматтарды дәрігердің босатуынсыз антибиотиктерді қолданудың қауіптілігі туралы да ескертті.

Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрінің орынбасары ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте коронавирус инфекциясын жұқтыру кезінде неліктен антибиотиктерді өз бетінше қабылдауға болмайтынын түсіндірген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дәрігер: Өзін-өзі емдеу пневмонияның ауыр түріне әкелуі мүмкін